Алматының белсенді тұрғындары әлеуметтік құрылыс нысандарын тексеру жұмыстарына қатысады

«Nur Otan» партиясының халықтық бақылауына өзгерту енгізілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бұдан былай Алматының белсенді тұрғындары әлеуметтік құрылыс нысандарын тексеру жұмыстарына қатыса алады. «Nur Otan» партиясының халықтық бақылауына  өзгерту енгізілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Құтты мекен» жобасы аясында жасақталған қоғамдық комиссия бүгін № 144 мектеп гимназиясына бас сұқты. Игі бастаманы енгізген азаматтардың пікірінше, бұл жоба тұрғындардың талап-тілектерін ескере отырып, туындаған мәселелерді шапшаң шешуге мүмкіндік береді.

«Қазір біз Халықтық бақылау жобасын іске қостық. Қаланың белсенді тұрғындары белгілі бір объектінің құрылысын бақылауға қатыса алады. Мектеп құрылысы шеңберінде біздің ата-аналар комитетінің мүшелері бастамашыл топты анықтады. Олар осы нысанды салу аясында «Нұр Отан» партиясымен бірге бақылау жүргізіп, сапаға қатысты өз пікірлерін білдіре алады», – деді «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары  Мейіржан Отыншиев.

«Керемет бастама үшін Алматы қаласының әкіміне үлкен алғысымды айтқым келеді. Бізді осы 300 орындық оқу корпусының құрылысын бақылауға шақырды. Біз әрине мектептің сапалы етіп салынуын қалаймыз, сондықтан біз үшін бұл өте маңызды жоба», – деді қала тұрғыны Анна Шахворостова.

Айта кету керек мектеп нысанының құрылысы өте қарқынды жүріп жатыр. 3 қабатты оқу корпусының 70 пайызы салынып біткен. Жоспар бойынша 2021 жылдың соңына дейін құрылыс толық аяқталып, мектеп пайдалануға беріледі.

Новости партнеров