|
20.12.2023 | 19:01
2894

Алматыда бас шыршаның шамы жағылды

Биіктігі 20 метр болатын бас шырша Абай алаңында орнатылды

Алматыда бас шыршаның шамы жағылды Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыдағы бас шыршаның шамы жағылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv. 

2024 жылдың қарсаңында Алматы жүздеген жарық конструкция, жарқыраған гирлянда, 60-тан астам жасанды шырша, жарық иллюминациялармен безендірілді. 

Биіктігі 20 метр болатын бас шырша Абай алаңында орнатылған. Салтанатты іс - шара қазақстандық эстрада жұлдыздары - Роза Рымбаева, Мәдина Сәдуақасова, Әли Оқапов, Мәди Рымбаев, «Жігіттер», «Кешью», «Ринго», «Шамис» және т. б. топтардың қатысуымен концерттік бағдарламаға жалғасады.

Жаңажылдық шыршалар әр ауданның негізгі алаңдарында орнатылған: Алмалы ауданы – «Астана» алаңы, Абай атындағы ҚазҰТЗУ алдындағы алаң,  Алатау ауданы – «Алматы Арена» мұз айдыны алдындағы алаң, Әуезов ауданы-Н. Сац атындағы жасөспірімдер театры алдындағы алаң, Бостандық ауданы – Тұңғыш Президент атындағы саябақ,  Балуан Шолақ атындағы  спорт сарайы, Жетісу ауданы – Серіков көшесі, 2а, Медеу ауданы – «Халық арена» МС алдындағы алаң, «Медеу» биік таулы спорт кешені, Түрксіб ауданы – Сейфуллин даңғылы бойындағы №6 оқушылар үйі, Наурызбай ауданы – Шұғыла ш/а, 347. Сондай -ақ қаланың қоғамдық кеңістігі, жаяу жүргіншілер көшелері-Панфилов, Жібек жолы, магистральдық көшелер: Сәтбаев көшесі, Төле би көшесі, Майлин көшесі, Назарбаев даңғылы, Әл-Фараби даңғылы, Абылай хан даңғылы және т. б. жарық композицияларының бірыңғай стилінде безендірілген.

31 желтоқсанда - Жаңа жыл қарсаңында «Астана» алаңында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өткізу жоспарланып отыр, оның соңы мерекелік отшашуға ұласады.

Бұдан басқа, мегаполистің тұрғындары мен қонақтары үшін қаланың барлық аудандарын қамтитын жаңажылдық фестиваль ұйымдастырылады. Фестиваль бағдарламасында халықтық караоке, би флешмобы, байқаулар, спектакльдер, эстрада жұлдыздарының қатысуымен жанды музыка, хаскимен фотосессиялар, шеберлік сыныптары мен көрмелер, қалалық мейрамханалар және кафелердің гастро- корнерлері (21-31 желтоқсан аралығында Абай және «Астана» алаңдары сағат 16:00-ден 21:00-ге дейін, 27-31 желтоқсан аралығында әр ауданның негізгі алаңдарында сағат 16:00-ден 21: 00-ге дейін) болады  және 25 желтоқсанда Аяз аталар шеруі өтеді.

Оқи отырыңыз: Отшашудан жарақат: қандай алғашқы көмек көрсету керек

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир