UFC файтер Шавкат Рахмонов Алматыға оралды. Спортшыны жарқын жеңісімен құттықтауға келген жанкүйерде есеп жоқ, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жерлесіміздің жеңісіне ортақтасқан дүйім жұрт рухты ән шырқап, оның жаһандық жарыстарда жарқырай беруін тіледі.
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов UFC-дің 296-турнирінде өнер көрсетіп, америкалық Стивен Томпсоннан басым түскен еді. Үш раундқа жоспарланған жекпе-жекте отандасымыз қылғындыру әдісімен уақытынан бұрын жеңіске жетті. Рахмонов кәсіби мансабындағы 18 қарсыласын тізе бүктірді. Спортшы үшін бұл – ең ірі промоушендегі алтыншы жекпе-жегі.
– Біз дайындалу үшін 2 ай бұрын бардық. Шавкат ол залда осы уақытқа дейін 5-6 рет шыныққан еді. Бәрі кесте бойынша жоспарлағанымыздай өтті. Аяғының жарақаты мүлде кедергі болмады. Шавкаттың мықтылығын қарсыласы да бірден сезді, – деді Dar Pro team клубының директоры Бауыржан Уталиев.
Оқи отырыңыз: Шавкат Рахмонов 18-рет мерзімінен бұрын жеңіске жетті
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!