Қала тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелердің бірі қала құрылысы, мегаполисте нүктелік және тығыз құрылысқа тыйым салу, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бүгін Мәслихат сессиясының қарауына Алматы қаласының одан әрі дамуына айтарлықтай ықпал ететін бірқатар мәселе шығарылды.
"2022 жылдың наурыз айында Мемлекет басшысы тұрғын үй кешендерінің жанынан көпқабатты үйлердің тығыз салынуын тоқтатып, әлеуметтік инфрақұрылым, скверлер мен балалар спорт алаңдарын салуға назар аударуды тапсырды. Осыған байланысты, Алматы әкімдігі Алматы қаласы аумағының функционалдық аймақтарын салудың қала құрылысы регламенттерін іске асырудың жаңа жоспарын әзірледі. Оны біз сарапшылар қауымдастығымен талқыладық", - деді қала әкімі Ерболат Досаев.
Негізгі бағыттар:
"Бұл үшін біз құрылыс салушыларға қойылатын міндетті талаптарды және жобаларды қоғамдық талқылаудан өткізу, сондай-ақ орналасқан жеріне қарамастан, 5 қабаттан асатын барлық ғимарат пен құрылыс үшін қала құрылысы кеңесінің оң қорытындысын алу шарттарын бекітуді ұсынамыз", - деді Алматы әкімі.