Наурызбай, Түрксіб және Алатау аудандарында әрқайсысы 7500 орынды 5 мектептің құрылысы жыл соңына қарай аяқталады. Бұл жөнінде Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың қатысуымен биылғы жергілікті бюджетті нақтылау жөнінде мәслихаттың XXII сессиясында атап өтті, деп хабрлайды тілшісі.
Оқушы орындарының тапшылығын төмендету мақсатында мектеп салынады.
"Наурызбай, Түрксіб және Алатау аудандарында әрқайсысы 7500 орынды 5 мектептің құрылысы жыл соңына қарай аяқталады", - деді қала әкімі.
Сонымен қатар жаңа оқу жылында 3 мектеп ашу жоспарланып отыр.
Жаңа оқу жылында Қалқаман шағынауданында – 1800, Саялы шағынауданында – 1800, Томирис шағынауданында – 1500 орындық 3 жаңа мектеп салу жоспарланып отыр.
Аталған оқу орындарының жұмыс істеуі үшін, оның ішінде мұғалімдердің жалақысына жыл соңына дейін 308 млн теңге бөлінеді.