Алматыда тағы екі маршруттың автобусы жаңартылды
қала әкімдігінің баспасөз қызметі
Олар заманауи құрылғылармен жабдықталған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда 9 ақпаннан бастап қала маңына қатынайтын екі маршруттың жылжымалы құрамы жаңартылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл - «Спорт сарайы-«Пионер» тау курорты» бағытындағы №209 және «Спорт сарайы-«Оi-Qaragai» тау курорты» бағытындағы № 210 маршрут.
«ГАЗель» автобустары «Yutong» маркалы орташа сыйымдылықтағы төмен еденді тоғыз метрлік автобустарға ауыстырылды. Автобустар заманауи құрылғылармен жабдықталған, оның ішінде кондиционер, бейнебақылау және т.б бар. Жалпы сыйымдылығы - 52 орын, оның ішінде 22 орынға отырып, 29 адамға дейін тұруға болады.
Автобустардың жоспарлы саны №209 – 2 жылжымалы бірлік, №210 – 5 бірлік. Бұл ретте, бұрынғы автобустар парктің резервтік құрамына енгізіледі.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
05.11.2026 08:10
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
06.11.2026 08:10
Қарызды төлей алмасаңыз, берешекті реттеудің қандай жолдары бар
06.11.2026 10:34