Алматы қаласы аумағында 5-30 сәуір аралығында жалпы ауданы 2424,54 га болатын орман және қалалық саябақтар, алаңдар аумағында кенелерге қарсы өңдеу жұмыстарының бірінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Өңдеу жұмыстарымен 8 орманды (көлемі – 1904,924 га) және 144 қала саябақтары, алаңдары (көлемі – 519,616 га) қамтылды.
Оның ішінде аудандар бойынша:
Кене энцефалитіне қарсы өңдеу жұмысының екінші кезеңі 2022 жылы мамыр айының екінші онкүндігінде басталады.
Дезинсекциялық іс-шаралар республикалық бюджет қаражаты есебінен қаланың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі мамандарының тікелей бақылауымен Алматы қаласы бойынша «Дезинфекциялық орталық» филиалымен жүргізілді.
Дезинсекциялық өңдеуге 19 даярланған мамандардан құралған 2 дезинфекциялық бригада жұмылдырылды.
Кенеге қарсы өңдеу жүргізу үшін 6 ыстық және 3 суық тұманды термогенераторлар, 2 – он екі литрлік моторлы бүріккіштер, 10 – бес литрлік гидропульттер, 2 – автокөлiкпен жабдықталды.
Кенелерге қарсы өңдеу жұмысына қатысқан мамандар қажетті жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етiлді. Дезинсекциялық өңдеу жұмыстарын жүргізу үшін қауіпті емес 4 классқа жататын инсекті-акарицидтік «Фаворит» препараты қолданылды (адамдар мен жануарлар үшін қауіпсіз).
Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының маманы кенеге қарсы өңдеу шараларының тиімділігіне бақылау жүргізуде.