Шағын және орта бизнес – қала экономикасының негізі
Қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілеріне өтемақы төлеу аяқталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматы әкімі Ерболат Досаевтың айтуынша, барлығы 14,5 млрд теңгеге 1 594 өтінім мақұлданды.
«Шағын және орта бизнес – қала экономикасының негізі. Онда еңбекке қабілетті халықтың 64%-ті жұмыс істейді. Сондықтан, бизнесті қолдауға ерекше көңіл бөлінеді. 2022 жылы бюджеттен қосымша 5 млрд теңге бөлініп, 46,9 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Бүгінде 16,5 млрд теңгеге шағын және орта бизнестің 219 жобасы қаржыландырылды», – деді Ерболат Досаев.
Нәтижесінде, 1 маусымда жұмыс істейтін кәсіпорындар саны 19,5%-ке өсті.