Алматы әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданы тұрғындарымен кездеседі

17.08.2022 21:16

Кездесу уақыты: сағат 09:00

пресс-служба акима Алматы

Алматы әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездеседі, деп хабарлайды Almaty.tv.

18 тамызда сағат 9:00-де Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Қали Надыров көшесі, 50 мекенжайындағы Рахым Сәрсенбин атындағы №192 орта мектепте Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездеседі.

Ағымдағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында кездесу барысында бетперде режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтау ұсынылады. Сондай-ақ, бөлмелерде қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатылады.

Кездесуді онлайн режимінде «Алматы» телеарнасының Youtube парақшасында және Наурызбай әкімдігінің Facebook парақшасында көруге болады.