Алматыда 34 мың адам жұмысқа орналасты

05.12.2023 21:16

Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев айтты

elements.envato.com

Алматыда жыл басынан бері бос орындар жәрмеңкесінің қорытындысы бойынша 34,1 мың жас жұмысқа орналасты. Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев айтып өткендей, оның ішінде 27 мыңнан астамы тұрақты жұмыс орындарына, 6,4 мыңы уақытша жұмыс орындарына орналастырылған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мегаполистің барлық ауданында жыл басынан бері 26 мың адамды, оның ішінде NEET санатындағы жастарды қамтитын «Мансап күндері»  өткізілді. Қалалық мансап орталығы 2,4 мың адамды жұмысқа орналастыруға жәрдем көрсетті.

Сонымен қатар өзекті мамандықтар бойынша 30 қысқа мерзімді оқыту курсы іске қосылды. 10,2 мың адам оқудан өтті, оның 9,2 мыңы жұмысқа орналастырылды, бір мыңы тағылымдамадан өтуде.

Алматыда жастарға арналған Jasalmaty.kz порталында орналасқан жұмыс іздеудің бірыңғай платформасы Jobffir365 деп аталады.

«Платформаның ерекшелігі - бұл тегін негізде жұмыс іздеп қана қоймай, сертификат ала отырып, қысқамерзімді курстардан өту мүмкіндігі», - деп атап өтті А. Қырықбаев.

Бүгінгі таңда платформаны 13,5 мыңнан астам адам пайдаланды, 3,7 мың бос жұмыс орны орналастырылды және 1,5 мың жұмыс беруші тіркелді. 1,8 мың адам жұмысқа орналастырылды.

Әкімнің орынбасары өз сөзінде атап өткендей, сонымен қатар жасөспірімдер мен жастардың бос уақытын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2023 жылы 8 жастар комьюнити-орталығы іске қосылады. 2025 жылдың соңына дейін олардың саны 16-ға дейін жеткізіледі.      

«Болашақта орталықтар тартымды орынға айналады, NEET санатымен жұмысты жаңа деңгейге шығарады, олардың жеке есебін жүргізуге мүмкіндік береді. Жоғарыда аталған шаралар кешені NEET жастарының үлесін 2023 жылдың 11 айында 8,3%-дан 7,3%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. 2023 жылдың соңына қарай 7%-ға дейін, 2025 жылдың соңына қарай 5,2%-ға дейін және 2030 жылдың соңына қарай 4%-ға дейін қысқартуды жоспарлап отырмыз», - деп атап өтті А.Қырықбаев.