|
06.07.2020 | 16:17
3543

Бақытжан Сағынтаев Алматыдағы эпидемиологиялық жағдай туралы

Алматыда ағымдағы жылдың 6 шілдесі сағат 10: 00-дегі жағдай бойынша коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 6202 жағдайы тіркелген

Бақытжан Сағынтаев Алматыдағы эпидемиологиялық жағдай туралы kaztag.kz

Баспасөз конференциясы барысында Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполстегі коронавирус жағдайына байланысты түсініктеме берді. Бақытжан Сағынтаев Үкімет белгілеген барлық шаралардың орындалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев қаладағы жағдайды тұрақтандыру үшін кешенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады. Осылайша, ауырған адамдардың ем алулары үшін қосымша жататын орындар қорын құру, зертханалардың өткізу мүмкіндігін ұлғайту, стационарлы ауруханаларды қажетті құралдармен қамтамасыз ету және дәріханаларда дәрі-дәрімектің бар-жоғы мен бағаларына мониторинг жүргізілуде.

Бүгінгі жағдайды және жұқтыру болжамдарын ескере отырып, дәрігерлердің, орта және кіші буын медициналық қызметкерлерінің қосымша бригадалары құрылды. Біліктілікті арттырудың онлайн-курстары өткізіледі. Қалада волонтерлерді қосымша қабылдау және қажет болған жағдайда бейінді емес медиктерді тез қайта оқыту жүзеге асырылады.

«Бүгінгі таңда Алматы қаласы бойынша эпидемиологиялық жағдай күрделі, бірақ бақылауда. Бізде Алматы қаласы аумағында коронавирустың таралуының алдын алу және оған қарсы әрекет ету бойынша жасалған іс-шаралар жоспары бар, оны біз бақылап отырмыз», — деді Бақытжан Сағынтаев.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 6 шілдесі сағат 10: 00-дегі жағдай бойынша коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 6202 жағдайы тіркелген. Қазіргі уақытта күнделікті өсім шамамен 1,1% құрайды. Қазір инфекциялық стационарларда 1772 адам бар, оның ішінде 24 адам өте ауыр халде, 349 адам ауыр халде, 1264 адамның жағдайы орташа ауыр және 135 адамның жай-күйі қанағаттанарлық. Ауырлығы орташа және ауыр дәрежедегі науқастардың саны өсуде. Сонымен қатар пневмония аурушаңдығының күрт өсуі байқалады. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда тыныс алу органдары ауруларынан қаза болғандар үлесінің 68,6% - ға өсуі байқалады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир