Тұтынушыларды газбен үздіксіз қамтамасыз ету үшін Түрксіб ауданында жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Алматы өндірістік филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Түрксіб ауданында №42 апаттық газ құдығын ауыстыру жүргізіледі. Тұтынушыларға газды үздіксіз және апатсыз беру үшін Д-159 мм орта қысымды жерасты газ құбырында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Кассин мен Айбасов көшелерінің қиылысында қалпына келтіру бойынша шаралар өткізілуде.
Естеріңізге сала кетейік, 30 қазанда Түрксіб және Жетісу аудандары бойынша Рысқұлов – Жансүгіров – Омаров – Серіков – Құлагер ы/а – Сейфуллин – Ақан Сері – Бехтер-Достоевский – Лузин көшелеріндегі тұрғын үйлер мен нысандарға газ беру тоқтатылды.
«Іске қосу жұмыстары 31 қазаннан басталып, газдан ажыратылғандардың көптігіне байланысты 1 қарашаға дейін аяқталады. Осыған байланысты, тұрғындардан «Интергаз Орталық Азия» АҚ МГҚБ Алматы газ шаруашылығы қызметкерлері жүргізетін жұмыстар аяқталғанға дейін және іске қосу жұмыстары басталғанға дейін газ крандарын жабуды және ашпауды сұраймыз. Мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз, өйткені жұмыстар Алматы қаласының газ жүйелерін апатсыз пайдалану үшін орындалады», - делінген хабарламада.