Демалыс күндері қалада Oktober fest шарасы болып өтті. Түрлі бизнес қауымдастықтары жиналған шараға қала тұрғындары мен кәсіпкерлікке қызығушылық танытқан жастар қатысты. Түрлі салада жетістікке жеткендер тегін шеберлік сағатын өткізді. Олар бизнес бастау барысында бастан өткерген түрлі қиындықтарымен бөлісіп, көпшіліктің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Фистиваль Көктөбенің төрінде ұйымдастырылды. Сонымен қатар фестиваль аясында отандық кәсіп иелерінің көрмесі қойылды. Олардың арасында тамақ өнеркәсібінен бастап, соңғы уақытта трендке айналған бұйымдарға дейін бар.
«Шара мақсаты – өзіміздің отандық кәсіпкерлікті дамыту. Оның ішінде кретивті индустрия қазір елімізде ғана емес, әлемде өзекті. Күн өткен сайын, әр саланың жаңа қыры ашылып, жан-жақты даму үстінде. Осы орайда жастар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Осылай ашық аспан астында бас қоспағалы көп болыпты», – деді ұйымдастырушы Ілияс Нұрмұханбетов.