Алматыда «Психоаналитикалық қауымдастық» қоғамдық бірлестігінің түлектері марапатталды

15.07.2021 21:22

Айдар Әсімбаев 2019 жылы мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алған

almaty.tv

Алматыда «Психоаналитикалық қауымдастық» қоғамдық бірлестігі әлеуметтік жоба түлектерін марапаттап, салтанатты шара өткізді. Солардың бірі  балалар үйінде өскен Айдар. Ол 18-ге толған шағында психоневрологиялық интернатқа ауысып, бірнеше пилоттық жобаға қатысқан. Нәтижесінде психологтар мен ұстаздардың және заңгерлердің үйлесімді жұмысының арқасында өсіп-өніп, 2019 жылы мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алыпты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Шара барысында түлекке әлеуметтік жобаларды аяқтағаны туралы грамота беріліп, бағалы сыйлықтар табысталды.

«Мен осы жобаның арқасында даяшы болып тәжірибеден өттім. Нәтижесінде өзім үшін жұмыс істей бастадым. Алдағы уақытта мұндай жобалардың көптеп ашылып, көбейгенін қалаймын», – деді қала тұрғыны Айдар Әсімбаев.  

Одан бөлек, кездесу барысында психоанализ негіздерін онлайн оқыған қатысушылар да марапатталды. Айта кетейік «Психоаналитикалық қауымдастық» қоғамдық бірлестігінің негізгі мақсаты денсаулығында кінәраты бар адамдарды оңалту және әлеуметтік ортаға қайта бейімеу.

«Жүйкесі тозған балаларға, әке-шешесі жоқ жетім балаларға қолжетімді деп есептеймін. Себебі бұлар қоршаған ортаға керексіз сияқты көрінді. Ал қазіргі таңда бұл кісілерді қоршаған ортаға бейімдеп жатырмын», – деді невропатолог, психиатр Дәулет Сейілбекұлы.