|
21.12.2023 | 16:24
839

Білім беру ұйымдарында өртке қарсы қауіпсіздік талабы қатаң сақталады

Жыл сайын мекемелерге тексеру жүргізіледі

Білім беру ұйымдарында өртке қарсы қауіпсіздік талабы қатаң сақталады Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматының барлық мектебі мен балабақшалары өртке қарсы қауіпсіздік нормаларына сәйкес жабдықталған, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл туралы ОКҚ брифингінде Алматы әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді. Қала басшысы журналистерге әлеуметтік мекемелерде – бірінші кезекте мектеп, балабақша, интернаттарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қандай алдын алу шаралары қолданылатыны туралы айтып берді.

- Жыл сайын Алматы қаласының ТЖД барлық аудандары бойынша білім беру ұйымдарына жоспарлы тексеру жүргізіледі. Соңғы тексеру 2023 жылдың көктемінде өтті. Заңбұзушылықтар анықталған жоқ. Бүгінгі таңда қаланың барлық мектептерінде өртке қарсы дабыл орнатылды, директорлардың бұйрығымен өртке қарсы қауіпсіздікті сақтауға жауапты адамдар тағайындалды, - деді Ерболат Досаев.

Қазіргі уақытта Алматының 209 мектебінде, 186 балабақшасы мен 8 интернатында қауіпсіздіктің кешенді жүйелерімен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде: бейнебақылау камераларын жаңарту, полиция департаментінің жедел басқару орталығымен интеграциямен дабыл түймелерін қосу, турникеттер мен күзет-өрт дабылдарын орнату. Жұмыстар биыл желтоқсанның соңына дейін аяқталады.

Оқи отырыңыз: Алматыда 2023 жылы 25 км жаңа жол салынды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир