|
02.11.2022 | 16:25
1968

Алматы аудандары әкімдерінің көпбалалы аналармен кездесуінде қандай мәселелер талқыланды

Кездесуге барлығы 124 көпбалалы ана келіп, кездесу барысында 96 сұрақ көтерілді

Алматы аудандары әкімдерінің көпбалалы аналармен кездесуінде қандай мәселелер талқыланды Almaty.tv

Аудан әкімдерінің қала басшысымен бекітілген 2022 жылдың қазан айына арналған қаланың көпбалалы аналарымен кездесу кестесіне сәйкес, қала аудандарының әкімдерімен 8 кездесу өткізілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кездесуге барлығы 124 көпбалалы ана келіп, кездесу барысында 96 сұрақ көтерілді. Оның 67-сі бойынша түсініктемелер берілді, кездесулерден кейін 15 сұрақ пысықталды, 14 бойынша жұмыс жүріп жатыр.

Негізгі мәселелер:

·         тұрғын үй алу (кезекке қою) - 24 (25%);

·         білім (балаларды мектепке және балабақшаға орналастыру, мектеп формасы және т.б.) - 17 (18%);

·         Денсаулық сақтау – 6 (6%);

·         әлеуметтік жәрдемақылар (АӘК, азық-түлік жинақтары) - 13 (14%);

·         ТКШ және абаттандыру (газ қосу, сумен жабдықтау және су бұру) - 8 (8%);

·         жұмысқа орналасу және бизнес гранттары-3 (3%);

·         жер учаскесін заңдастыру және анықтау-2 (2%);

·         есепке тіркеу (тіркеу) - 1 (1%);

·         алимент-1 (1%);

·         басқа сұрақтар – 21 (30%).

Қала әкімі аудан әкімдерінің қаладағы көпбалалы аналармен 2022 жылғы қарашаға арналған кездесулерінің тиісті кестесін бекітті.

Еске салсақ, бұған дейін аудан тұрғындарымен кездесулер барысында көптеген өтініштерге байланысты Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев аудан әкімдерінің көпбалалы аналармен ай сайынғы кездесулерін ұйымдастыруды тапсырған болатын.

Аудан әкімдерінің 2022 жылғы қарашадағы қаланың көпбалалы аналарымен кездесулерінің кестесі



Өтетін күні

Уақыты

Өтетін орны

Алатау ауданы

1

23.11.2022 ж.

сағ.10.00

«Бақытты отбасы» орталығы

( Нұркент ш/а, 5, 26 блок)

Алмалы ауданы

2

22.11.2022 ж.

сағ.10.00

«Бақытты отбасы» орталығы

(Наурызбай батыр,106 А)

Әуезов ауданы

3

28.11.2022 ж.

сағ. 10.00

Әуезов ауданы әкімінің аппараты

(Алтынсарин даң. 23)

Бостандық ауданы

4

25.11.2022 ж.

сағ.10.00

«Бакытты Отбасы» орталығы

( Розыбакиев, 250)

Жетісу ауданы

5

08.11.2022 ж.

сағ.10.00

«Бақытты отбасы» (Жансүгіров, 65)

Медеу ауданы

6

16.11.2022 ж.

сағ.10.00

Мектеп-лицей №33

(Төле би, 10 үй)

Наурызбай ауданы

7

11.11.2022 ж.

сағ.10:00

Наурызбай ауданы әкімінің аппараты

(Шұғыла ш/а, 347)

Түрксіб ауданы

8

24.11.2022 ж.

сағ.10.00

«Бақытты отбасы» орталығы

(Р.Зорге, 9)



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир