Қазіргі уақытта қалада 203 кәсіпкерлік нысан тексерілді. Бұл туралы Алматы қаласының тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі қалалық штаб отырысында қала әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
М. Әзірбаевтың айтуынша, бүгінгі таңда Алматыда қалпына келтіруге жататын 243 нысан анықталды. Оның ішінде: 27-і – мемлекеттік мекемелердің нысандары, 216-і – ШОБ нысандары.
216 ШОБ нысанының 206-сы тексерілді. Үш нысанға: Жетісу ауданындағы «Мерей» СҮ Қойма ғимаратына, Бостандық ауданындағы «Мир 24» ТРК ғимаратына, Әуезов ауданындағы das Auto Service ғимаратына күрделі жөндеу қажет. ҚМЖ құны анықталады.
Бүгінде 203 нысан жөндеуді қажет етеді, оның 8-і меншік иелерінің өз қаражаты есебінен қалпына келтірілді.
127 нысан бойынша алдын ала шығын сомасы 56 млн теңгені құрайды.
«Аккредиттелген ұйымдар техникалық тексеру, ақаулы актілер мен сметалық есептерді дайындау жұмыстарын жалғастыруда. 10 нысан бойынша тексеру жүргізу және рұқсат алу үшін меншік иелерін іздеу жүргізілуде», - деді әкімнің орынбасары.
М. Әзірбаев энергия тиімділігін басқару бойынша 8 нысанда (Медеу ауданындағы иесіз желілерді реконструкциялау, «Тұздыбастау», «Каскад», «Алмагүл» қосалқы станцияларының құрылысы, ЮРК қазандығын реконструкциялау, «Қарғалы» су қабылдағышының құрылысы, «Премьера» қазандығын кеңейту, Ақжар шағынауданындағы желілерді салу) ҚМЖ қайта жаңғыртылғанын айтты. 19 нысан қысқы кезеңге тоқтатылды.
Сондай-ақ жеке құрылыс салушылардың барлық 143 объектісінде құрылыс-монтаждау жұмыстары қайта жанданды.