|
17.01.2022 | 16:40
2907

Алматыда аулалар мен көшелер жаппай тазартылды

Барлығы 10,5 мың тонна қатты тұрмыстық қалдық шығарылды

Алматыда аулалар мен көшелер жаппай тазартылды mail.kz

Қаланың Тұрғын үй саясаты басқармасының басшысы Данияр Қырықбаев Алматы қаласының тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуді қалпына келтіру жөніндегі қалалық штабтың отырысы барысында санитарлық тазарту жөніндегі коммуналдық қызметтер коменданттық сағаттан басқа штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Данияр Қырықбаевтың айтуынша, 8 қаңтардан бастап қоқыс шығарушы ұйымдар аула аумақтары мен жеке тұрғын үйлерден қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару жұмыстарын бастады. 200-ден астам техника мен 700 жұмысшы жұмылдырылды. Қазіргі кезеңде 10,5 мың тонна қатты тұрмыстық қалдық шығарылды.

«9 қаңтардан бастап «Алматы Тазалық» МКК мен мердігер ұйымдар мегаполистің көше-жол желісін тазарту бойынша жаппай жұмыстар ұйымдастырды, оған 500-ге жуық арнайы техника мен 1600 жол жұмысшысы жұмылдырылды. Бүгінде 667 тонна қоқыс шығарылды», - деді спикер.

Сондай-ақ 9 қаңтардан бастап құтқару қызметінің 93 жұмысшысының күшімен 45 бірлік арнайы техниканы қолдана отырып, тәртіпсіздік барысында зақымданған 100 бірлік автокөлік, сондай-ақ ірі көлемді қоқыс пен қираған экопосттар шығарылды.

Данияр Қырықбаев қазір қалалық коммуналдық қызметтер коменданттық сағаттан басқа штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир