28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта жаңа 350 жарық бағаналары орнатылып, ретро орындықтар қалпына келтіріледі. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде онлайн-брифинг барысында Алматы қаласының Жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сапар Нұрашев биыл 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта 20 мың шаршы метр алаңда жаңа асфальт және 3 645 шаршы метр тротуар плитасы пайда болатынын хабарлады. Сондай-ақ, саябақта жаңа 351 жарықтандыру тіректері орнатылады, қосымша 103 орындық пен 107 қоқыс жәшігі пайда болады, 23 ескі ретро-орындықтар қалпына келтіріледі, 103 мың шаршы метрден астам аумақ көгалдандырылады.
Кіші Алматы өзені жағалауының келбеті өзгереді. С. Нұрашевтың мәліметінше, өзен бойында 160 жарықтандыру бағандары, Достық гүлзарында 95 жарықтандыру бағандары орнатылады, 22 800 шаршы метр асфальт төселеді. 2021 жылы 240 орындық пен қоқыс жәшігі орнатылып, 42 400 шаршы метр аумақ көгалдандырылып, 1000-нан астам жасыл желек отырғызылады.
Жайлы қалалық орта басқармасының 2 көшені - Жамбыл (Наурызбай батыр көшесінен Достық даңғылына дейін) абаттандыру жоспары бар. Онда жаңа асфальт төселеді, жарық орнатылып, 215 шырша отырғызылады.
Сондай-ақ, Бөгенбай батыр көшесінің Наурызбай батыр көшесінен Қайырбеков көшесіне дейінгі аралығы өзгереді. Онда асфальт, тротуар плиткалары төселеді, орындықтар қойылады, жарық пайда болады, 63 үйеңкі ағашы отырғызылады.