|
31.07.2024 | 16:27
315

Алматыда заңсыз таунхаусты бұзуға кірісті

Тұрғындардың өтініші негізінде меншік иесіне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді

  Алматыда заңсыз таунхаусты бұзуға кірісті қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы Шұғыла шағынауданындағы Жүнісов көшесі, 135/20 учаскесінде орналасқан нысанның бұзылғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тұрғындардың өтініші негізінде меншік иесіне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеру барысында таунхаустың рұқсат беру құжаттарының толық пакетінсіз, шаруашылық тәсілмен тұрғызылғаны анықталды.

Тексеру нәтижелері бойынша ұйғарым беру арқылы әкімшілік шаралар қабылданды, оны меншік иесі өз кезегінде орындамады. Басқарма Наурызбай аудандық сотына нысанды бұзуға талап арыз берді. 2024 жылғы 2 ақпанда басқарманың талап-арыздары қанағаттандырылды.

Бұзу Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен басталды.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың заңсыз құрылысқа бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында өткен жылдың басынан бері 41 заңсыз нысан, оның ішінде «Мечта», «KHAN», «Алма Гарден» тұрғын үй кешендері және басқалары толығымен немесе ішінара бұзылған.

Оқи отырыңыз: Алматыдағы Рысқұлов-Бөкейханов жолайырығында қозғалыс бір тәулікке шектеледі

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

нысан
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир