|
Jol
31.07.2024 | 16:16
66

Алматыдағы Рысқұлов-Бөкейханов жолайырығында қозғалыс бір тәулікке шектеледі

Жөнделетін аумақта ескерту белгілері қойылады

Алматыдағы Рысқұлов-Бөкейханов жолайырығында қозғалыс бір тәулікке шектеледі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Рысқұлов-Бөкейханов жолайырығындағы аумақта орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv. 

31 шілде сағат 23:00-ден 1 тамыз сағат 23:00-ге дейін шығыс бағытта Рысқұлов даңғылынан Бөкейханов көшесіне дейінгі бұрылыста, сондай-ақ Бөкейханов көшесіндегі оңтүстік бағыттан шығыс бағытқа қарай бұрылыс пен Рысқұлов даңғылына шығар жол толығымен жабылады.

Жөнделетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған стендтер қойылады.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS пен «Яндекс карталар» сервистерінде жазылған.

Оқи отырыңыз: Алматы экономикасы тұрақты өсімді көрсетті

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир