Алматыда заңсыз салынған бірқатар тұрғын үй кешендері анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Тұрғын үй сатып алуға кеңес берілмейтін ТҮК тізімі өсуде. Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, келесі тұрғын үй кешендерінің құрылысқа қажетті толық құжаттар пакеті жоқ:
ORDA CITY ТҮК
Теректі ы/а, Айналмалы көш., 183
Тапсырыс беруші: «Investment Stroy» ЖШС.
Құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы туралы хабарлама және жоба алдындағы құжаттамасы жоқ, учаскені пайдалану мақсаты - ЖТҮҚ.
Басқарма құрылыс салушыға ҚР ӘҚБтК-нің 316 баптың 1-бөлігі, 321 бап бойынша шаралар қабылдап, құрылыс-монтаж жұмыстарын тоқтата тұру туралы ұйғарым шығарды, сонымен қатар Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына қазаншұңқырды бұзу және қайта толтыру туралы талап арыз жолдады.
Dostar Deluxe ТҮК
Мәдениет ш/а, 185/8
Тапсырыс беруші: ИП «Ашинов»;
Эскиздік жобасы келісілмеген, құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы туралы хабарлама жоқ.
ҚР ӘҚБтК-нің 316 баптың 1-бөлігі, 321 бап бойынша шара қабылданды.
Verona ТҮК
Ремизовка ш/а, 7-жол 71 учаске
Тапсырыс беруші: 5 жеке тұлға
Құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуы туралы хабарлама және жоба алдындағы құжаттамасы жоқ.
Айта кету керек, бүгінгі таңда азаматтардың заңсыз тұрғын үй кешендерінен пәтер алу фактілері тұрақты түрде анықталуда. 3 қабатқа дейінгі тұрғын үйлер үшін үлескерлерден қаражат тартуға рұқсат талап етілмейтін қолданыстағы заңнаманы пайдаланып, жосықсыз құрылыс салушылар жылжымайтын мүлік сатып алушыла адамдарды жаңылыстыруда. Жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын, қала құрылысын бақылау басқармасының +7 (727) 229-81-36 сенім телефонына хабарласып, салынып жатқан тұрғын үй кешендеріндегі құжаттың толық пакетін тексеруді ұсынамыз.