|
21.04.2023 | 16:50
795

Алматыда Исабаев Слям Мұхамеджанұлының тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды

Ол генерал шеніне жеткен бірнеше шәкірт тәрбиелеген

Алматыда Исабаев Слям Мұхамеджанұлының тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды Almaty.tv

Алматыда ішкі істер органдарының ардагері Исабаев Слям Мұхамеджанұлының тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Генерал-майор 1960 жылы өз мансабын криминалист-сарапшы және тергеуші болып бастап, Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына дейін көтерілген. Талай жыл жергілікті полиция басқармасын басқарған тұлға бірнеше генерал шеніне жеткен шәкірт тәрбиелеген.

«Слям ағаның еңбегін дәріптеп, мемориалдық тақта іліп жатыр. Келешекте жас ұрпаққа үлгі болары анық. Жас қызметкерлер осы кісінің істеген ісін жалғастырады деп ойлаймын», – деді Ішкі істер органдары мен ұлттық ұлан ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Бауыржан Рахимов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир