Жалпы, биыл 4064 ауланы тазалауға 10,5 млрд теңге бөлінді
Барлық ауданда мердігерлерді анықтау және қаланың аула аумағын жинау бойынша шарттар жасасу жөніндегі конкурстық рәсімдер аяқталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұрын хабарланғандай, 2023 жылы 1 қаңтардан бастап өкілеттіктерді орталықсыздандыру аясында Алматыдағы үйішілік аумақтарды жинауға арналған бюджет аудандық әкімдіктерге берілді. Бұл ПИК көпқабатты тұрғын үйдің ауласын мүлде немесе сапасыз тазалауына байланысты тұрғындар тарапынан шағымның көптігінен кейін қабылданған шешім.
Бұл ретте, жүргізілетін жұмыстың сапасын арттыру мақсатында мердігер ұйымдармен шарт бірден 3 жылға жасалады. Жалпы, биыл 4064 ауланы тазалауға 10,5 млрд теңге бөлінді.
Аумақтағы учаскенің тазалығын сақтау, қала тұрғындары мен қонақтарының ескертулерді жою жөніндегі өтінішіне уақытылы жауап беру – мердігерлік ұйымның міндеті.
Аудандық әкімдік коммуналдық шаруашылық бөлімінің қызметкерлері күн сайын жүргізіліп жатқан жұмыстарға мониторинг жүргізіп, аудан тұрғындарының өтінішін қарау бойынша бақылау жүргізеді.
Аула тазалаудың сапасы мәселесі бойынша аудан әкімдіктерінің телеграм чатына жүгінуге немесе мына телефон арқылы ақпарат алуға болады: