Биыл жастарды қолдау үшін жалақыны көтердік - қала әкімі
Depositphotos.com
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Жергілікті бюджеттен қосымша ақы төлеу арқылы жастардың жалақысы көтерілді. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданында халықпен кездесуі барысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қала әкімі айтуынша, қала студенттерінің жалпы санының 25%-ы Бостандық ауданына тиесілі.
«Жастарды қолдау үшін биыл біз (жергілікті бюджеттен қосымша ақы төлеу арқылы) жастар практикасы бойынша жалақы көлемін 30-дан 40 айлық есептік көрсеткішке дейін көбейттік, ол 122,5 мың теңгеге жетті. Алматы – еліміздегі ең ірі студенттер қаласы. Бостандық ауданында жоғары оқу орындары (12) мен колледждердің (20) ең көп бөлігі орналасқан, онда 68 мың студент білім алады, бұл қала студенттерінің жалпы санының 25%-ын құрайды», - деді Досаев.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
14.10.2026 20:40
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
15.10.2026 08:14
Президент Бельгиялықтар королі мен патшайымын Алматыға шығарып салды
14.10.2026 10:18