Алматыда жаяу жүргіншілерге арналған «Денсаулық жолы» пайда болады

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
Қала тұрғындары жол жиегімен жүруге мәжбүр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының «Көк төбе» саябағында жаяу жүргіншілерге арналған тротуар пайда болады, оның құрылысы ағымдағы жылдың қараша айында аяқталады, деп хабарлайды Аlmaty.tv. 

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуде айтты.

 - Жеке қаражат есебінен қыркүйек айының басында «Көк төбе» саябағына дейін ұзындығы 1,2 км жаяу жүргіншілер тротуарын жайластыру жұмыстары басталды. Бүгінгі таңда жолды кеңейту жұмыстары жүргізіліп,  орындықтар мен урналар орнатылады. Аяқталу мерзімі – осы жылдың қарашасы, - деді әкім Ерболат Досаев.

Бұған дейін қала басшысы тұрғындармен кездесулерде Алматы тұрғындары мен қонақтары көлік жүретін бөлікпен жүруге мәжбүр болғанын, оның қолайсыздық пен қауіп тудырғанын атап өтті. Қала тұрғындарының өтініштерін ескере отырып, әкімнің тапсырмасы бойынша биылғы 3 тоқсанда жаяу жүргіншілерге арналған "Денсаулық жолы" құрылысы басталды.

Оқи отырыңыз: Алматыдағы Терренкур су қоймасы қашан реконструкцияланады

Новости партнеров