Алматы әкімі Н.Сац атындағы театр ұжымын 75 жылдық мерейтойымен құттықтады

09.11.2020 21:42

Театр алдындағы жаңартылған алаң, субұрқақ ансамблі – қала тұрғындарының театрға жасаған сыйы – Сағынтаев

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Н. Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының ұжымын 75 жылдық мерейтойымен құттықтады. Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Құрылғанына 75 жыл толған Н. Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының ұжымын мерейтойымен құттықтаймын. Театр алдындағы жаңартылған алаң, субұрқақ ансамблі — қала тұрғындарының театрға жасаған сыйы. Шығармашылық шабыт, толағай табыс тілеймін!» – деді мегаполис басшысы.