Алматыда Халыққа қызмет көрсету орталығында ашық есік күні өтті

Almaty.tv
Almaty.tv
Аудан тұрғындары өздерін толғандырған сауалдарын қойып, сол жерде оны шешу жолдары қарастырылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Алматы қаласы Әуезов ауданынының Халыққа қызмет көрсету орталығында ашық есік күні өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Шараға еліміздің Мәжіліс депутаттары, Алматы қаласы Мемлекеттік қызмет істері департаментінің және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының өкілдері қатысты. Аудан тұрғындары өздерін толғандырған сауалдарын қойып, сол жерде оны шешу жолдары қарастырылды.

«Әрбір мемлекеттік қызметшінің ашық жұмыс істеуі маңызды ұстанымдарының бірі деп есептеймін. Бүгін Алматы қаласына 1 апта көлемінде әртүрлі санаттағы азаматтармен түрлі мәселе төңірегінде кездесу өткізіп жатырмыз. Мәселелерін 1 ай көлемінде қарастырып, шешілетін түйіндерін немесе жауаптарын алатын болады», - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Елнұр Бейсенбаев.

Ал уәжін айтып келген көпшілік бұл шара ұйымдастырушыларына ризашылығын білдірді. Бұл бастама - халық пен билік арасын жақындата түсуге септеседі дейді. 

«Осындай жиын өткізіп, халықтың мұң-мұқтажын естіп жатқандары үшін алғысымды айтамын. Өзім мүгедектердің қажеттілігін айтуға келдім», - деді қала тұрғыны Ербол Егембергенов.

Новости партнеров