|
08.02.2021 | 16:44
3607

9 ақпанда сағат 11:00-де Алмалы ауданының әкімінің халыққа есеп беру кездесуі өтеді

Әкімнің есеп беру кездесуін «Алматы» телеарнасының тікелей эфирінен көре аласыз

9 ақпанда сағат 11:00-де  Алмалы ауданының әкімінің халыққа есеп беру кездесуі өтеді Almaty.tv

9 ақпанда сағат 11:00-де «Алматы» телеарнасында Алмалы ауданының әкімі Серік Құсайыновтың халыққа есеп беру кездесуі өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты іс-шара видеоконференция режимінде болады. Аудан тұрғындары өзінің сауалдары мен талап-тілегін алдын ала WhatsApp номеріне 8 708 683 02 94 жазып, 8 727 272 59 88  нөміріне хабарласа алады. 

Сонымен қатар «Алматы» телеарнасының әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы да сұрақ жолдай аласыздар.

Есеп беру кездесуін «Алматы» телеарнасының тікелей эфирінен, онлайн режимде  Almaty.tv сайтынан және әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары – YouTubeFacebook-тан көре аласыздар.

2021 жылдың 1-10 ақпан аралығында Алматы қаласының барлық 8 аудан әкімінің онлайн режиміндегі есеп беру кездесуі өтуде.

9 ақпан сағат 11:00-де Алмалы ауданының әкімі Серік Құсайынов;

10 ақпан сағат 11:00-де Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан Ақжаров.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир