Еңбек нарығындағы жағдай тұрақты – Ерболат Досаев

07.07.2022 21:44

Жұмыссыздық деңгейі 5,1%-ға жетті

Еңбек нарығындағы жағдай тұрақты. Жұмыссыздық деңгейі 5,1%-ға жетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қала әкімі Ерболат Досаевтың айтуынша, жыл басынан бері 17,1 мың жұмыс орны, оның ішінде 7,3 мың тұрақты жұмыс орны құрылған.

«Еңбек ресурстарының барынша тартылуын қамтамасыз ету үшін жаңа сапалы жұмыс орындарын құру жөніндегі жүйелі шараларға көшу жүзеге асырылады.

2022 жылдың 1 жарты жылдығында 19,4 мың адамға 803,8 млн теңге атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді (барлығы 28,3 мың адамға 4 млрд. теңге). 15,8 мың мүгедек адам 2,6 млрд теңгеге оңалту құралдарымен және қызметтерімен адам қамтамасыз етілді (барлығы 25 мың адамға 6,5 млрд. теңге). 429 млн теңгеге 48 мың адам әлеуметтік жобалармен қамтылды (78 мың адамға барлығы 978 млн. теңге). Жалпы, 2022 жылы 52,2 мың жұмыс орны құрылады, оның 70%-ті тұрақты жұмыс орындары (36,1 мың)», – деді Ерболат Досаев.