Алматыдағы креатив орталығы жұмысын қашан бастайды

Almaty.tv
Almaty.tv
Мемлекет басшысы Жолдауында креативті индустрияның ішкі жалпы өнімдегі үлесі бір пайызға да жетпейтінін айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының Бостандық ауданында жыл соңына дейін жаңа креатив орталық жұмысын бастады. Бұл туралы шаһардың креативті индустриясын дамыту тақырыбында өткен дөңгелек үстелде айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шараға қоғамдық кеңес мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары мен "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты. Олар өзара пікір алмасып, саланы дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды талқылады.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында креативті индустрияның ішкі жалпы өнімдегі үлесі бір пайызға да жетпейтінін айтты.

– Алматыны креативті индустрия жағынан Қазақстанның және Орталық Азияның астанасы деп атауға болады. Кино да, туризм де, архитектура да дамыған. Бізде креативті индустрияға қатысты барлық сала дамыған. Дөңгелек үстелде талқылап,  негізгі стратегияны шығарамыз деп ойлаймын, – деді қоғамдық кеңес мүшесі, Қазақстан франчайзинг қауымдастығының президенті Бекнұр Қисықов.

Оқи отырыңыз: Алматыда шағын және орта бизнес қалай дамуда

Новости партнеров