Алматыда көшелердің бірінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі

04.05.2024 21:46

Жылу трассасын реконструкциялау ыстық сумен жабдықтау режиміне әсер етпейді

Almaty TV

4 мамырда сағат 22:00-ден бастап келесі күннің сағат 12:00-ге дейін М.Ганди мен Батыс Желтоқсан көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы жабылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Уақытша шектеулер аталған көше сегментінің жүріс бөлігінің астынан өтетін 1992 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан магистральды құбыр желісіне жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін енгізіледі. Соңғы бес жылда өзінің нормативтік мерзімінде жұмыс істеген жылу желісінде 17 ақау тіркелген.

Жылу трассасын реконструкциялау ыстық сумен жабдықтау режиміне әсер етпейді.

Мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз.

Оқи отырыңыз: Алматыда Жеңіс күніне орай қандай іс-шаралар өтеді