Тікұшақпен ұшып бақылауға "Қазселденқорғау" ММ, қалалық ТЖД және т.б. мекемелердің басшылары мен мамандары қатысты
Алматы әкімі Ерболат Досаев пен Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мегаполистің сел қауіпсіздігін бақылау және мониторинг жүргізу мақсатында мореналық көлдердің жай-күйіне аэровизуалды зерттеу жүргізді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Тікұшақпен ұшып бақылауға "Қазселденқорғау" ММ, қалалық ТЖД және т.б. мекемелердің басшылары мен мамандары қатысты. Мореналық көлдердің, сондай-ақ Ақсай, Қарғалы, Кіші және Үлкен Алматы өзендерінің бассейндерінің жағдайына бағалау жүргізілді. Алматының маңайында барлығы 50-ден астам мореналық және мұздық көлдер бар, олардың 12-сі қауіпті, қауіпті көлдердің жетеуінде ағымдағы жылы сел қаупін төмендету бойынша алдын алу жұмыстары жүргізілуде.
"Қазселденқорғау" мамандарының бағалауы бойынша Алматы тауларындағы мұздық көлдердің бұзылу қаупі бар, сел қаупіне байланысты жағдай ерекше бақылауда. Температураның жоғарылауына байланысты мұздықтардың еруі байқалады, олар қысқы қардан шамамен 40-80% арылған. Мореналық көлдердің көпшілігі суға толтырылған, бірақ олардағы су деңгейі қауіпсіз деңгейге сәйкес келеді, жер бетіндегі ағындар қалыпты шекте.
2021 жылы жергілікті бюджет есебінен 31 станциядан тұратын Кіші, Үлкен Алматы, Қарғалы және Ақсай өзендерінің бассейндерінде сел қаупінің автоматтандырылған мониторинг жүйесі енгізілді. Жүйе су деңгейін, ауа мен судың температурасын, топырақтың ылғалдылығын, жауын-шашынның қарқындылығын, сел түс қаупіе қоса алғанда, тау өзендерінің жай-күйінің 10-ға дейінгі параметрлеріне автоматты түрде мониторинг жасайлы.
Мореналық көлдердің жай-күйін тәулік бойы бақылау Қазселденқорғаудың 9 тұрақты және 10 маусымдық гидропостарында жүзеге асырылады. Алматы әкімдігінің қолдауымен олар тұрғын үй модульдерімен, тіршілікті қамтамасыз ету құралдарымен, гидрометеорологиялық аспаптармен және байланыс құралдарымен жабдықталған.
Мореналық көлдерден суды ағызу бойынша алдын алу жұмыстарына барлығы 40 адам кірісті, қажет болған жағдайда бульдозерлер іске қосылады, эвакуациялық каналдарды тазалау және тереңдету жоспарлануда.
Тікұшақтан бақылау барысында қала әкімі «Аюсай» шатқалында салынып жатқан селден қорғайтын бөгеттің нысанымен танысты. Үлкен Алматы және Ақсай өзендерінің бассейндерінде 122 сел қаупі бар учаске, 114 мұздық, мореналық көлдер орналасқан. Желілік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Ақсай және Аюсай шатқалдарында екі бөгет салынуда. Бүгінгі күні құрылыс белгіленген кестеге сәйкес жүргізілуде, Аюсай бөгеті бойынша жұмыстарды аяқтау мерзімі 2022 жылдың соңына дейін, Ақсай шатқалы бойынша жұмыстарды аяқтау 2023 жылдың соңына дейін жалғасады.