Алматыда «Ұлы даланың әйгілі перзенттері» атты көрме ашылды

Алматыда «Ұлы даланың әйгілі перзенттері» атты көрме ашылды
Онда көрнекті тұлғалардың өздеріне тиесілі жеке заттары, олардың өмірі мен шығармашылығы, фото құжаттар мен хаттары, еңбектері мен марапаттары сонымен қатар иллюстрациялар қойылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Мемлекеттік орталық мұражайды «Ұлы даланың әйгілі перзенттері» атты мерейтойлық көрме ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мемориалдық көрме жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы, күш атасы Қажымұқанның 150 жылдық, сахна серкесі Сералы Қожамқұловтың 125 жылдығы, этнограф Өзбекәлі Жәнібековтың 90 жылдығы, Манарбек Ержановтың 120, Латиф Хамидидің 115 жылдығы және Қасым Аманжоловтың 110 жылдық мерейтойларына арналған. Онда көрнекті тұлғалардың өздеріне тиесілі жеке заттары, олардың өмірі мен шығармашылығы, фото құжаттар мен хаттары, еңбектері мен марапаттары сонымен қатар иллюстрациялар қойылған. 

«Қазақ жері талантқа, саңлаққа кедей емес, бірақ бұл жерде жаңағы мақсат мұраты бір отанға деген сезімі бір қазақтың тарихында өшпес із қалдырған мерейтойлық, мерей той иелерінің басы қосылып отыр. Көрме осы жеті тұлғаға арналады. Және әр тұлғаның заттары ерекше назар аударады»,– деді ҚР Мемлекеттік орталық музейінің бас қор сақтаушысы Үміт Әшімов.

Новости партнеров