Б. Сағынтаев тәртіпсіздік салдарынан зардап шеккен кәсіпкерлермен кездесті

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Кәсіпкерлермен әңгімелесу барысында Б. Сағынтаев ШОБ-тың барлық шығыны өтелетінін, сауда залдары қалпына келтірілетіні жайлы хабарлады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жұмыс сапары барысында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев содырлар тонап кеткен сауда және қоғамдық тамақтану нысандарын аралады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қала әкімі «ОӘД» сауда үйін аралап көрді, онда 576 сөре қирады. Осы кезеңде жалдау ақысын есептеу тоқтатылды. Кәсіпкерлермен әңгімелесу барысында Б. Сағынтаев ШОБ-тың барлық шығыны өтелетінін, сауда залдары қалпына келтірілетіні жайлы хабарлады. Үкімет айналысатын тетіктің анықталуын күту керек.

Алматы әкімі Полиция департаментіне «ОӘД» ғимаратында арыздарды қабылдауды ұйымдастыруды тапсырды. Зардап шеккен кәсіпкерлердің барлық өтініштерін уақтылы пысықтау қажет. «Атамекен» ҰКП консультативтік көмек көрсетеді.

Б. Сағынтаев сондай-ақ, «Мобилка», «Планета электроники» сауда үйлерін, «Қорған» қару-жарақ дүкенін, «Соломон» спорт тауарлары дүкенін және Сәтбаев көшесіндегі қоғамдық тамақтану нысандарын аралады. Барлық дерлік нысандарда шабуылдаушылар бейнебақылау жүйелері бар серверлік бөлмелерді әдейі істен шығарды. Тонаушылар ең құнды заттарды алып кеткен әрі үй жайларды өртеген, жоғарыдағы пәтерлер тұрғындары өртті сөндіруге көмектескен.

Новости партнеров