Жер сілкінісі салдарынан зақымданған ғимарат шығынын кім өтейді

13.03.2024 20:53

Алматы әкімдігінде қайда жүгіну керек екені түсіндірілді

Almaty TV

Алматы әкімдігінде жер сілкінісі салдарынан ғимараттың зақымдануы анықталған кездегі іс-қимыл алгоритмі айтылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Мәселен, аудандық әкімдіктер жанында ТЖД, МКК, аудандық сәулетшілер мен басқа да уәкілетті орган өкілінен тұратын комиссия тобы жұмыс істейді. Құрылысқа қандай да бір зақым келген жағдайда қала тұрғындары фотоматериалдарымен қоса аудан әкімдігіне өтінішпен жүгінуі қажет.

Бұдан әрі Комиссия мүшелері өтініш негізінде зақымдану деңгейін алдын ала анықтау үшін ғимаратқа көшпелі тексеру жүргізеді. Яғни, олар тірек құрылымдарының бұзылуының дәлелі ме, әлде төбелер, сылақ, плитка және қасбетті әрлеу сияқты әрлеу материалдарының элементтеріне қатысты ма екенін анықтайды.

Аудандық комиссиялардың барлық материалы қалалық Жоспарлау және урбанистика басқармасында жинақталады. Содан кейін қазақ Құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтына (ҚазҚСҒЗИ) жіберіледі.

Өз кезегінде ҚазҚСҒЗИ мамандары белгілі бір объектінің зақымдану себебі мен дәрежесі туралы қорытынды береді.

Қалпына келтіру жұмысын қаржыландыруға қатысты айтылар болса, әлеуметтік нысандар бүлінген жағдайда барлық жөндеу жұмысы бюджет қаражаты есебінен жүргізілмек.

Көппәтерлі тұрғын үйлердің әрлеу элементтері зақымданған жағдайда жөндеу жұмысын кондоминиум қаражаты есебінен жүргізу қажет. Ғимараттардың тұтастығына қауіп төндіретін зақым анықталған жағдайда қалпына келтіру жұмысына қаражат мемлекеттік органдардың бюджетінен бөлінеді.

Оқи отырыңыз: Қарағанды облысында 150 елдімекенді су басуы мүмкін