Қарағанды облысында 150 елдімекенді су басуы мүмкін

Almaty.tv
Almaty.tv
Төтенше жағдайлар департаменті растап отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағанды облысында 150 елдімекенді су басуы мүмкін. Қауіптің барын Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті растап отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сақтық мақсатында 47 елдімекенге тексеріс жүргізген мамандар апаттың алдын алу шараларын орындамаған 22 ауыл мен аудандарға хаттама толтырылды. Күн күрт жылынса, қызыл су басу қаупі бар аумақтар ғарыштан да бақылауға алынбақ. Өйткені қар түсімі қалың. Осыны ескерген өңірдегі құтқарушылар мен коммуналдық қызмет өкілдері алдағы аптадан бастап жаппай сақтық шараларына кіріспек.

– Жұманың аяғына дейін бүкіл елдімекен дайын болуы керек. Бұрын 20 наурызға дейін мерзімді қоятынбыз. Бірақ биыл күмән бар. Процестер ерте басталуы мүмкін. Сол себептен біз 15 наурызда бүкіл елдімекен, құзыретті мекемелер дайын болуы керек деген мәселе қойып отырмыз, – деді Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Мұрат Қатпанов.

Оқи отырыңыз: Бала саудасы: Атырауда безбүйрек ана 8 жылға сотталды

Новости партнеров