«Үлкен қаладағы махаббат»: Алматыда фотосуретшілер көрмесі өтті

«Үлкен қаладағы махаббат»: Алматыда фотосуретшілер көрмесі өтті
Белгілі өнер иелері шаһар маңындағы сұлу табиғатты шынайы бейнелеген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Көне тарихы бар, сондай-ақ жұпар иісті алмасымен де бүкіл әлемге танылған ару Алматыға фотосуретшілер үлкен көрмесін арнады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Белгілі өнер иелері шаһардың тарихи және заманауи келбетімен қатар, айналасындағы табиғаты сұлу жерлерді де камераның көмегімен шынайы бейнелеген. 

«Үлкен қаладағы махаббат» деп аталатын 10 күндік көрме ұлттық құндылықтар, ұлтаралық достық және өмірлік махаббат сияқты тақырыптарды қамтиды.  

«Бұл жердегі суреттер Қазақстанның керемет табиғатының аясында түсірілген. Мақсатым – отандастарыма шет елге шықпай-ақ, өз елімізде керемет жерлердің бар екенін осы фотосуреттер арқылы жеткізу. Менен басқа бұл жерде тағы 7 фотосуретшінің керемет жұмыстарын тамашалуға болады», - деді фотограф Асқар Бумага.

Новости партнеров