Күзде Алмалы, Бостандық, Жетісу және Түрксіб аудандарындағы саябақ аумақтарын абаттандыру аяқталады
Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының зардап шеккен бизнесті қалпына келтіру және қаланы одан әрі дамыту туралы тапсырмаларын орындау бойынша қала активінде сөйлеген сөзінде Алматыда көптеген жаңа саябақтар, скверлер мен жаяу жүргіншілер аймақтары пайда болатынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Спикердің айтуынша, күзде Алмалы, Бостандық, Жетісу және Түрксіб аудандарындағы саябақ аумақтарын абаттандыру аяқталады. Атап айтқанда, абаттандыру Оқушылар сарайының жанында, мемлекеттік мұражай ғимаратының жанында, театр алдында жүргізіледі. Әуезов көшесі, ҚБТУ артындағы гүлзарда, Көкмайса шағын ауданында (Жетісу ауданы), «Желтоқсан» және «Аспан» саябақтарында (Түрксіб ауданы), Шевченко және Құрманғазы көшелерінің арасындағы екі гүлзарда, Байсейітова көшесінің Бөгенбай батыр көшесінен Сәтпаев көшесіне дейінгі бөлігі жаяу жүргіншілер аймағына айналады, Алматы хайуанаттар бағындағы көл жайластырылады және Есентай өзені бойындағы жаңа жағалаудың құрылысы аяқталады.
Бақытжан Сағынтаев сондай-ақ инвесторларды тарта отырып, жаңа парктер құрылатынын хабарлады: тақырыптық парктер Наурызбай және желілік парктер Алатау аудандарында.
«Біз Алатау ауданындағы саябақ аймақтарын – Қарағай орманын, Қайың тоғайын, Зерделі және Өжет шағын аудандарындағы саябақтарды дамытуды жалғастырамыз. Үш жасыл аймақты абаттандыра отырып, ҮАК-ын қайта жаңарту бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Жұмыстың басталуы-2023 жыл», - деді қала әкімі.
Бұдан басқа, Ботаникалық баққа қарама-қарсы қалалық арборетум (бақша дендрарийі) және Үлкен Алматы өзені жағалауы бойындағы Тұңғыш Президент саябағынан Сайран көліне дейінгі үлкен жаяу жүргіншілер аймағын жобалау жүргізілуде (жобаны іске асыруды 2023 жылы бастау жоспарлануда).