|
24.05.2023 | 17:17
1574

Мегаполисте тұрғын үйдің төбесіне заңсыз салынған ірі құрылыс бұзылды

Іс бойынша сот талқылауы ұзаққа созылды

Мегаполисте тұрғын үйдің төбесіне заңсыз салынған ірі құрылыс бұзылды Алматы қаласы әкімдігінен

Қала құрылысын бақылау басқармасының ақпараты бойынша сот шешімімен Құрманғазы көшесі, 145 мекенжайында орналасқан мезонин заңсыз деп танылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Пәтерлердің бірінің иесі тұрғын үйдің шатырына мезонин тұрғызып, қабылдау комиссиясының актісімен оны пайдалануға берген.

2021 жылдың 7 шілдесінде басқарма Алмалы ауданының сотына қабылдау комиссиясының актісін жарамсыз деп тану, құрылысты өз еркімен тану және меншік иесінің мезонинді өз есебінен бұзу міндеттемесі туралы талап арыз жолданды.

Іс бойынша сот талқылауы ұзаққа созылды, 2022 жылдың 7 желтоқсанда Алматы қалалық сотының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалды, басқарманың талаптары қанағаттандырылды.

Соттың шешімі заңды күшіне енгеннен кейін атқару парағы Әділет департаментіне жіберілді.

Меншік иесі өз бетінше ғимаратты бұзуға кірісті.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир