Алматыда Офицерлер үйінің жанындағы жөндеу жұмыстары аяқталды

05.09.2023 21:56

Жөндеу жұмысы жазда басталған еді

әкімдіктің баспасөз қызметі / пресс-служба акимата

Алматыда Офицерлер үйінің жанындағы жөндеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жалпы ауданы - 5,5 мың ш.м. Офицерлер үйінің ғимараты мен жертөленің шатырын күрделі жөндеу биыл 1 қыркүйекте аяқталды.

Жұмыс жазда басталды. Офицерлер үйіне тиесілі ғимараттың жанындағы алаңда жертөленің шатырынан су ағатын жер жойылды. Ғимарат пен жертөленің төбесінен соңғы 5 жыл бойы тамшы таматын. Гидроизоляцияны жүргізу үшін плитка жабыны уақытша алынып, қазір оның орнына плиткалар қойылды.

Айта кетейік, Офицерлер үйі – Алматы қаласы үшін тарихи маңызы бар сәулет ескерткіш. Ғимаратта әскери-тарихи музей бар. Осыған байланысты шатырды демеушінің қаражаты есебінен күрделі жөндеу туралы шешім қабылданды.