2024 жылдың 30 сәуірі «Таза Қазақстан» республикалық экоакциясының «Өнегелі ұрпақ» тақырыптық апталығы мен «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық акциясы аясында «Таудағы тазалық: қоқыстарды жинап, тегін түскі ас алыңыз» акциясы өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Кіші және Үлкен Алматы шатқалдарындағы «Горельник» және «Аюсай» туристік орталықтарының аумағын тазалауға қоғам беленділері, қала тұрғындары, тіпті туристер де қосылды. Шара барысында қатысушыларға бір қап қоқыс жинап, оны тегін түскі асқа айырбастау ұсынылды.
Шара нәтижесінде тау шатқалдарынан 600 келіге жуық түрлі қоқыс жиналды - пластик бөтелкелер, азық-түлік пакеттері мен қаптамалар және демалушылардың қалдырған тұрмыстық қалдықтары.
Шараны Алматы қалалық туризм басқармасы және Almaty Tourism Bureau бірлесіп ұйымдастырды және жергілікті тұрғындар мен әлемнің түкпір-түкпірінен келген туристер үшін сүйікті демалыс орны – Іле Алатауының қайталанбас табиғатының тазалығын сақтауға бағытталған.
Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында Алматыда «Алматы – біздің ортақ үйіміз» акциясы өтуде. Қаланың көркейіп, өркендеуіне әрбір тұрғын өз үлесін қоса алады.
Барлық ақпарат almaty.kz сайтында, Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде орналастырылған. Сондай-ақ қаланың айналасында орналасқан баннерлер, плакаттар мен плакаттардағы арнайы QR кодын пайдаланып веб-сайтқа кіруге болады.
Әлеуметтік желілердегі науқанға белсенді қатысушыларға арналған хэштегтер: #АлматыНашОбщийДом, #НасМногоГородОдин, #АлматыБіздіңОртақҮйіміз, #БізКөппізҚалажалғыз.
Оқи отырыңыз: Алматыда игі істер тізбегі жалғасуда