Медеу ауданында елорда күні қарсаңында тегін стоматологиялық қызмет көрсетілді

Медеу ауданында елорда күні қарсаңында тегін стоматологиялық қызмет көрсетілді
Бұған дейін аудан әкімдігінде өткен жиналыста аналардың көкейкесті сұрақтары бойынша тіс емін қажет етушілер тізімі құрылып, арнайы сертификаттар табысталған еді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының Медеу аудандық «Бақытты отбасы» орталығының қолдауымен көпбалалы аналар, сондай-ақ аз қамтылған отбасы мүшелері мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға тегін стоматологиялық қызмет көрсетілді, деп хабарлайды Almaty.tv

Бұған дейін аудан әкімдігінде өткен жиналыста аналардың көкейкесті сұрақтары бойынша тіс емін қажет етушілер тізімі құрылып, арнайы сертификаттар табысталған еді. 

«Қазір тіс емдеу өте қымбат. Сондықтан біз осындай жоба туралы №5 емхананың басшылығымен сөйлесіп, бір ауыздан осындай қолдау көрсетейік деп шештік. Қазір 40 шақты көпбалалы ана және 20 бала, мүмкіндігі шектеулі балалар, стоматологиялық ерекше қызметін қажет ететін болғандықтан арнайы емханаға өтініш білдірдік», – деді Медеу аудандық «Бақытты отбасы» орталығының басшысы Толқын Сәметова.

Новости партнеров