Алматыда футболдан Алатау ауданы әкімінің кубогіне арналған турнир өз мәресіне жетті

Алматыда футболдан Алатау ауданы әкімінің кубогіне арналған турнир өз мәресіне жетті
Сұңқар құрамасы топ жарып, бас жүлдені иемденді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда футболдан Алатау ауданы әкімінің кубогіне арналған турнир өз мәресіне жетті. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Елорда күні қарсаңында өтіп жатқан спорттық шараға осыған дейінгі іріктеу матчтарында сүрінбей өткен 8 команда ақтық сында өнер көрсетті. Нәтижесінде Сұңқар құрамасы топ жарып, бас жүлдені иемденді, деп хабарлайды Almaty.tv

Кейін көзге түскен ойыншылар мен орын алған командалар марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды.  

«Көңіл-күй өте керемет. Бүгін жеңіске жеттік. Әр ауданнан таңдаулы команда шықты. Солардың арасында чемпион болып шықтық. Өте қуаныштымыз!» – деді жарыс жеңімпазы Самғат Айтжан.

«Бұқаралық спортты дамыту мақсатында осындай іс-шараларды өткіземіз. Бірінші пандемияға байланысты үлкен деңгейде өткізе алмай отырмыз. Дегенмен эпидахуал жақсарған жағдайда волейболдан, баскетболдан басқа спорт түрлерін ұйымдастырамыз», – деді Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков.

Новости партнеров