|
04.02.2021 | 17:03
5447

5 ақпанда сағат 11:00-де «Алматы» телеарнасында Жетісу ауданының әкімі Г. Көкебаеваның халыққа есеп беру кездесуі өтеді

Әкімнің есеп беру кездесуін «Алматы» телеарнасының тікелей эфирінен көре аласыз

5 ақпанда сағат 11:00-де «Алматы» телеарнасында Жетісу ауданының әкімі Г. Көкебаеваның халыққа есеп беру кездесуі өтеді Almaty.tv

Ертең 5 ақпанда сағат 11:00-де «Алматы» телеарнасында Жетісу ауданының әкімі Гүлнар Көкебаеваның халыққа есеп беру кездесуі өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты іс-шара видеоконференция режимінде болады. Аудан тұрғындары өзінің сауалдары мен талап-тілегін алдын ала WhatsApp номеріне +7 747 737 80 10 жазып, жедел желі номеріне +7 (727) 384 27 54 немесе +7 (727) 384 27 63 хабарласа аласыздар. Сонымен қатар, «Алматы» телеарнасының әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы да сұрақ жолдай аласыздар.

Есеп беру кездесуін «Алматы» телеарнасының тікелей эфирінен, онлайн режимде  Almaty.tv сайтынан және әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары – YouTubeFacebook-тан көре аласыздар. Барлық сұраққа толыққанды жауап беріледі.

2021 жылдың 1-10 ақпан аралығында Алматы қаласының барлық 8 аудан әкімінің онлайн режиміндегі есеп беру кездесуі өтеді.

5 ақпан сағат 11:00-де Жетісу ауданының әкімі Гүлнар Көкебаева

8 ақпан сағат 11:00-де Медеу ауданының әкімі Әсет Масабаев

9 ақпан сағат 11:00-де Алмалы ауданының әкімі Серік Құсайынов;

10 ақпан сағат 11:00-де Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан Ақжаров.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир