«Рахым» әлеуметтік үйінде қазір 30 адам тегін кондитерлік оқу курсынан өтіп жатыр
Алматыда көпбалалы аналарға арналған жаңа әлеуметтік оқу орталығы ашылды. Мұнда келушілерді жаңа кәсіппен қамту үшін «Рахым» әлеуметтік үйінде қазір 30 адам тегін кондитерлік оқу курсынан өтіп жүр. Көпбалалы аналарымызды оқытуға Түркия елінен маман шақыртылыпты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бүгінгі таңда Медеу ауданында 3 мыңнан астам көпбалалы ана бар. Солардың әл-ауқатын жақсарту мақсатында ашылған тегін оқу орталығының негізгі мақсат – міндеті оларды жаңа кәсіппен қамту.
«30 анамыз 3 ай мерзімде осы жерде тегін кондитерлік өнімдерді дайындауды үйренумен аналысады. Оларға ай сайын әрқайсысына 21 мың теңгеден степендия тағайындалады», – деді Медеу ауданы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Сәкен Аралбаев.
Әлеуметтік оқу орталығына Жұмыспен қамту орталығы арқылы келгендер «Атамекен» кәсіпкерлер палатасынан стипендия алады. Қысқа мерзімді курста оқитын көпбалалы аналардың ішінде мүмкіндігі шектеулі жандар да бар, бәрінің де кондитер-наубайшы болғысы келеді.
«Біздің сертификатымыздың өте мықты күші бар. Олар мұнымен грант ала алады. Оқу орталығы болғаннан кейін, біз сапалы оқытқымыз келеді. Әр сабағымыз мастер класс. Өздері қолымен ұстап, көріп, оны қалай пісіруі керек, не қосу керек, рәсімдеу керек, әр сабағымыз 3 сағат», – деді «Рахым» әлеуметтік үйінің жетекшісі Бибінұр Шерәлиева.
Кондитерлік өнімдер әзірлеуде 36 жылдық тәжірибесі бар Четин Чалышкан Түркия елінен Алматыға арнайы осы тегін оқу курстарын жүргізу үшін келген. Қазақ аналарының талпынысы мықты, білімге деген құштарлығы зор дейді.
«Қазақстарда да мынадай мақал бар: «Балық – ферма, сол балық қалай... соны үйрет дейді». Ол шын. Мен Медеу әкімдігіне рақмет айтамын. Маған өте ұнады. Қолымыздан келгенше үйретеміз», – деді Түркия елінен келген маман Четин Чалышкан.
Оқу аяқталғаннан кейін көпбалалы аналардан рестораторлар емтихан қабылдайды. Сертификаттың берілуі-берілмеуі сол кезде шешіледі.
Сая Меңдеке, Ғани Қалуов, «Алматы» телеарнасы