Мерекелік концерт 30 тамызда Абай алаңында өтеді
Алматыда мерекелік концерт 30 тамызда Абай алаңында өтеді. Қалада Конституция күнін мерекелеу аясында дөңгелек үстелдер, көрмелер, челлендждер, сынып сағаттары ұйымдастырылады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мерекелік іс-шаралар қаланың барлық ауданында өтеді:
Алмалы ауданында 28 тамыз сағат 19:00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының жанындағы «Неделка» субұрқағы жанындағы скверде өтеді.
Медеу ауданында 29 тамызда сағат 12:00-де Орталық мәдениет және демалыс саябағында өтеді.
Алатау ауданында 29 тамызда сағат 16:00-де Атлетикалық ауыл аумағында өтеді.
Әуезов ауданында 29 тамызда сағат 18:00-де Family саябағында өтеді.
Түрксіб ауданында 29 тамызда сағат 18:00-де Сауранбаев көшесіндегі жаяу жүргіншілер аймағында өтеді.
Жетісу ауданында танымал әншілер мен балалардың шығармашылық ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерт 30 тамыз сағат 11:00-де «Гүлдер» саябағында (Құлагер ш/а., Серіков көшесі, 2А), сондай-ақ, «Ата Заңым – айбыным!» шығармашылық фестивалі әл-Фараби скверінде өтеді.
Наурызбай ауданында «Ата заңым айбыным» мерекелік концерті 30 тамыз сағат 11:00-де Амфитеатрда (Шұғыла шағынауданы, 347) өтеді.
Бостандық ауданында Конституция күнін мерекелеу құрметіне 29 тамыз сағат 12:00-де Қазмемциркте ALMATY CIRCUS FESTIVAL» II Халықаралық цирк өнері фестивалінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері ХӘОТ үшін қайырымдылық қойылым қояды. ҚР Конституциясы күніне арналған концерт 30 тамыз сағат 15:00-де «MEGA Alma-ata» СОО-да өтеді.
Оқи отырыңыз: Алматыда бейбіт жиындар мен шерулер өткізу орны өзгерді