Қаланың коммуналдық қызметтері аяз кезінде қалай жұмыс істейді

13.01.2023 в 22:23

Бұл туралы Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының баспасөз қызметінде хабарланды

Аязды кезеңде тұтынушыларды тұрақты және үздіксіз электрмен, жылумен, сумен және газбен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін Алматы қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық кәсіпорындары жоғары дайындық режиміне ауыстырылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәселен, штаттан тыс жағдайлар туындаған кезде шұғыл шара қолдану үшін 2023 жылдың 13-17 қаңтар аралығында жауапты тұлғалардың, қаланың коммуналдық шаруашылықтарының жедел және жөндеу персоналының, сондай-ақ Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының жеке құрамының тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылды.

"Судың, будың, судың сыртқа шығып жатқаны байқалса немесе құдықтар ашық қалуы анықталған жағдайда, азаматтардан өз бетінше әрекет жасамауды,  дереу келесі нөмірлер бойынша дереу коммуналдық қызметтерге хабарласуды сұраймыз:

Жылумен және ыстық сумен жабдықтау: "Алматы жылу желілері" ЖШС +7 (727) 378-06-65 және +7 (727) 378-06-98.

Сумен жабдықтау және кәріз: "Алматы Су" МКК +7 (727) 274-66-66.

Электрмен жабдықтау: "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ +7 (727) 356-99-99 және +7 (727) 399-99-00.

РЭҚ-1: 268-60-71, 268-60-74

РЭҚ-2: 375-25-44, 375-02-25

РЭҚ-3: 385-45-27

РЭҚ-4: 242-65-63

РЭҚ-5: 375-04-69, 375-28-00

РЭҚ-6: 272-23-66, 272-24-32

РЭҚ-7: 268-02-40, 268-02-48", – делінген хабарламада.