Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары барысында және Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездесу кезінде Д. Қонаев атындағы өндірістік кооператив аумағындағы алаңы 30 га «А» класындағы заманауи қойма құрылысының барысымен танысты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жаңа нысан – ірі жүктерді уақытша сақтауға арналған және 20 мың шаршы метр қоймасы бар кешен. Қазір салынып жатқан уақытша сақтау қоймасы – мегаполистегі ең ірі инвестициялық жоба. Оның ерекшелігі, еуростандартқа сай барынша жарақтандырылуында: уақытша сақтау қоймасында автоматты өрт сөндіру жүйесі енгізіледі, автономды жылыту және кондиционер, сонымен қатар электр қуатының баламалы көзі ретінде күн батареяларымен қамтамасыз етіледі. Нысанның барлық аумағында заманауи жарықтандыру аспаптары орнатылып, жеңіл және жүк көлігіне арналған алаңдар көзделген.
Түрксіб ауданы әкімі Бақытжан Ақжаров қала басшысына 2022 жылдың наурызында басталған қойманың құрылысы аяқталғанын баяндады. Жұмыс 98%-ға бітіп, шатыр монтаждалып, ғимарат сейсмикалық күшейтілді, ішкі әрлеу, инженерлік желілер жүргізіліп, асфальт төсеу арқылы аумақ абаттандырылды. Нысан биыл желтоқсанда толық көлемде аяқталады. Жобаның бірінші кезеңіне 7 млрд теңге инвестиция салынған.
Қазіргі уақытта Алматыда «А» класты қоймалар 99,2% жүктелген. Жаңа уақытша сақтау қоймасының жүктемені қайта бөлуге және логистикалық қарым-қатынастарды қайта құруға мүмкіндік береді. Осылайша, қойма аумағында Қазақстанның барлық өңіріндегі сервис орталығының шеберлері оқытылады. Бұл мамандарға ешқайда бармай-ақ біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұрын мұндай мүмкіндік тек Санкт-Петербургте болатын.
2024 жылы уақытша сақтау қоймасының жобасын кеңейту жоспарланған – ауданы 25 мың шаршы метр екінші қойма салынады. Инвестиция көлемі де 7 млрд теңге.
Ерболат Досаев аудан әкіміне нысандар құрылысының барысы мен сапасын, сонымен қатар, барлық қажетті стандарт пен өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін бақылауды тапсырды. Қала басшысы бұл өндірістік қойма қаланың қоймалық жылжымайтын мүлікті дамыту нарығындағы бірегей алаңға айналатынын атап өтті. Оқу орталығы өз кезегінде автокөліктерге техникалық қызмет көрсету саласында жоғары білікті кадрларды тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Жобаны жүзеге асыру 70 жұмыс орнын қамтамасыз етуге, қала бюджетіне түсетін салық түсімдерінің көлемін арттыруға жол ашады.