Кездесу сағат 9.00-де басталады
2022 жылы 8 қыркүйекте сағат 9.00-де Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданының тұрғындарымен кездеседі, деп хабарлайды Almaty.tv.
Кездесу Серіков көшесі, 2а мекенжайда орналасқан аудандық әкімдік ғимаратында өтеді.
https://2gis.kz/almaty/geo/9430047375027831/76.925666000000007,43.300820000000002
Кездесуді онлайн режимде «Алматы» телеарнасының Youtube парақшасынан және Жетісу әкімдігінің Facebook парақшасынан көруге болады:
Коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында кездесу барысында маска режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтау ұсынылады. Сондай-ақ, бөлмелерде қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатылады.